Саясатын профилін белсендіру ережесін жасау

Барлығын жаю | Барлығын жию

Саясатын профилін белсендіру ережесін жасау үшін:

  1. Таңдалған саясат профильдері тізіміне өтіңіз.

    Саясат профильдері тізімі ашылады.

  2. Саясат профильдері қойыншасында белсендіру ережесін жасауды қажет ететін саясат профилін басыңыз.

    Саясат профильдері тізімі бос болса, саясат профилін жасай аласыз.

  3. Белсендіру ережелері қойыншасында Қосу түймесін басыңыз.

    Саясат профилін белсендіру ережелері бар терезе ашылады.

  4. Белсендіру ережесінің атын көрсетіңіз.
  5. Жасалғалы жатқан саясат профилін белсендіруге әсер етуі тиісті шарттарға қарама-қарсы жалаушалар қойыңыз:
    • Саясат профилін белсендірудің жалпы ережелері

      Бұл параметр үшін келесі қадамда мынаны көрсетіңіз:

      • Құрылғының күйі
      • Бұл құрылғыда Басқару сервері байланысының ережесі белсенді
    • Арнайы құрылғы иесіне арналған ережелер

      Бұл параметр үшін келесі қадамда мынаны көрсетіңіз:

      • Құрылғының иесі
      • Құрылғы иесі ішкі қауіпсіздік тобына кіреді
    • Жабдық сипаттамалары ережелері

      Бұл параметр үшін келесі қадамда мынаны көрсетіңіз:

      • Жедел жадтың көлемі, МБ түрінде
      • Логикалық процессорлардың саны
    • Рөлді тағайындау ережелері

      Бұл параметр үшін келесі қадамда мынаны көрсетіңіз:

      Құрылғы иесінің арнайы рөлі бойынша саясат профилін белсендіру

    • Тегті қолдану ережелері

      Бұл параметр үшін келесі қадамда мынаны көрсетіңіз:

      • Тег
      • Көрсетілген тегтерсіз құрылғыларға қолдану
    • Active Directory қызметін пайдалану ережелері

      Бұл параметр үшін келесі қадамда мынаны көрсетіңіз:

      • Құрылғы иесінің Active Directory қауіпсіздік тобындағы мүшелігі
      • Құрылғының Active Directory қауіпсіздік тобындағы мүшелігі
      • Active Directory бөлімшесіне құрылғыны орналастыру

    Шебер терезелерінің кейінгі саны осы қадамдағы параметрлерді таңдауға байланысты. Саясат профилін белсендіру ережелерін кейінірек өзгертуге болады.

  6. Конфигурацияланған параметрлер тізімін тексеріңіз. Тізімі дұрыс болса, Жасау түймесін басыңыз.

Нәтижесінде, профиль сақталады. Белсендіру ережелері орындалған кезде профиль құрылғыда белсендіріледі.

Профиль үшін жасалған саясат профилін белсендіру ережелері Белсендіру ережелері қойыншасындағы саясат профилінің сипаттарында көрсетіледі. Саясат профилін белсендіру ережесін өзгертуге немесе жоюға болады.

Бірнеше белсендіру ережесі бір уақытта орындалуы мүмкін.

Сондай-ақ, қараңыз:

Саясаттарды конфигурациялау және тарату: құрылғыларға бағытталған тәсілдеме

Сценарий: желі қорғанысын конфигурациялау

Басына оралу